40 адамның атынан онлайн несие рәсімдеген ер адам ұсталды. 40 жастағы елорда тұрғыны мәліметтерді заңсыз жинау арқылы Қазақстан азаматтарының жеке мәліметтерін алып, ақпараттық технологиялардың көмегімен несие рәсімдеген деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Қоса кетсек, үш күнде елордалық полицейлер интернетте 50-ге жуық қылмыстық құқықбұзушылықты анықтаған.