Грузия Еуропа елдерінен келетін қонақтарға есігін айқара ашты

Грузия Еуропа елдерінен келетін қонақтарға есігін айқара ашты. Енді бұл елге Франция, Германия, Латвия, Литва және Эстония саяхатшылары емін-еркін кіре алады. Рұқсат етілген елдер тізімі бірте-бірте ұлғаймақ. Грузия карантин кесірінен туризмнен түсетін табыстың 80%-інен қағылған деп хабарлайды «Хабар 24». Шілденің соңынан бері Грузияға небәрі 14 чартерлік рейс қатынаған. Осы уақытқа дейін елге 1200 ғана турист келген.