Қаржының жалпы сомасы 691 миллиард теңге. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлімдеді. Отандастар банк шоттарын көбіне Ресейде, Америка Құрама Штаттарында, Швейцарияда ашқан. Ал 494 жеке тұлғаның 26 елде 666 жылжымайтын мүлкі декларациялаған. Еске салайық, биыл елімізде 500-ге жуық жеке тұлға декларация тапсырған.