Covid: Бір күнде 1,6 мың науқас анықталды, 39 адам қайтыс болды

Кеше, 4 қазанда Қазақстанда 1624 адамның ПТР тесті оң шықты. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 93 адамға көп. Өткен тәулікте Алматыда – 328, Нұр-Сұлтанда 287 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда 200-ден аз науқас тіркелген. 2020 жылдың наурыз айынан бері 894 мың адамның ПТР тесті оң шыққан. Басым бөлігі жазылған. 11 350-і қайтыс болған. 3 қазанда 27 адам қайтыс болған.