42500 теңгені отбасындағы балалар санына қарай беру ұсынылды. Мұндай ұсынысты Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин жасады. Ол еңбек министрлігінен 42 500 теңгені берудің әдісін қайта қарауды ұсынып отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz. “42 500 теңгені алатын ересек адамда 3 баласы немесе 1-5 баласы болуы мүмкін. Ресей Федерациясы отбасыға арналған барлық көмекті балалар арқылы берді. Олар әр балаға берілетін көмекті есептейді. Менің ойымша, бұл ақылға қонымды”, – деді Аружан Саин.