Министр зейнет жасын қысқартуды ұсынды деген жалған ақпар

Министр зейнет жасын қысқартуды ұсынды деген жалған ақпар. Әлеуметтік желілерде Алексей Цойдың ерлердің зейнетке шығу мерзімін 61 жасқа, әйелдер үшін 57 жасқа дейін қысқартуды, кредиттерді кешіруді, олигархтарға 60 пайыздық салық енгізуді ұсынғаны жазылған.

Осындай 16 пункт көрсетілген деп хабарлайды Tengrinews.kz. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мұның бәрі жалған екенін ресми түрде мәлімдеді. Ведомство жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салды.