Әлеуметтік желіде алаяқтар 50 мың теңге жәрдемақы рәсімдеуге көмектесетінін айтып, жалған ақпарат таратып жатыр. Жәрдемақыны рәсімдеу үшін өтініш беруші банк шотына 3 120 теңге аударуы қажет. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлем туралы ақпаратты жоққа шығарды. “Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау үшін 3120 теңге төлеу керек екені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды”, – деп келтірді Stopfake.kz ведомствоның ресми жауабын. Министрлік Қазақстанда жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындау кезінде қандай да бір төлем талап етілмейтінін атап өтті.