Серік Сәпиев боксшыларды сынайтындарға жауап берді

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев жанкүйерлердің сынына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Жанкүйерлерден боксшыларды сынауды емес, қолдауды сұраймын. Себебі оларға оңай емес. Әрине, Қазақстан құрамасы Олимпиадаға қатысқалы бері бұл ең нашар көрсеткіш”, – деді Сәпиев. Оның айтуынша, боксшылардың сәтсіз өнер көрсетуіне бапкерлер де, спортшылардың өздері де жауапты. “Токио Олимпиадасынан кейін бізде міндетті түрде кеңейтілген отырыс өтеді. Сол жерде тиісті шешім шығарылады”, – деді Сәпиев. Айта кетері, осы жолы бокстан Қазақстан құрамасы алғаш рет Олимпиададан алтын медальсіз қайтады.