6 миллиард теңгеге жалған шот-фактура толтырған алматылықтарға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тергеу кезінде Алматы тұрғындары 2017-2019 жылдар аралығында өзіндеріне тиесілі 7 ЖШС арқылы коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтару үшін, ЖШС арасында 6 миллиард теңгеден аса сомаға сауда саттық болған делінген жалған шот-фактуралар жазумен айналысқаны анықталды. Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен 3 қылмыскер кінәлі деп танылып 2 жыл 6 айдан бастап, 3 жылғы дейін бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот үкіміне сәйкес, олар 10 жыл мерзімге экономикалық қызмет саласындағы жетекші лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сотқа дейін үй қамағындағы айыпталушы азаматтар, сот залынан қамауға алынғаны хабарланды.