Шымкентте Тоқтар Төлешовке қатысты тағы да сот басталуда

Жаңа процестің басталуына Еңбекші ауданының прокуратурасы берген талап арыз себеп болған. “Дархан Group” ЖШС-нің бұрынғы серіктестері мен қатысушылары, сондай-ақ бұрынғы олигарх Тоқтар Төлешовтің өзі айыпталушы ретінде сотта жауап беруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Талап арызда прокуратура ЖШС-нің бірқатар хаттамалары мен мәмілелерінің жарамсыз болуын талап етуде. Қадағалау органының мәліметінше, 2016 жылы серіктестер Төлешов қамауға алынған кезде оның иелігінен бірқатар нысандарды заңсыз шығарып алған. Нысандардың арасында “Арман” балабақшасы мен Сарыағаштағы өндірістік алаң бар. Сонымен қатар, прокурордың талаптарында көрсетілгендей, бұл нысандарды иеліктен шығару үшін Төлешовтің өзінен де, оның заңды әйелінен де келісімі алынбаған. Иеліктен шығару процесі заңды бұза отырып жүзеге асырылғаны алға тартылды.