25 шілдеде Қазақстанда 6637 адамның анализінен коронавирус анықталды. Елде коронавирус көрсеткіші үздіксіз өсіп жатыр. Бір күн бұрын 6631 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Былтырдан бері бір күнде осынша көп науқастар тіркелмеген. Елде коронавируспен байланысты адам өлімі көрсеткіші де жоғары. Екі күн бұрын 90 адам Covid-тен қайтыс болған: 70 адам – коронавирустан, 20 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған. Елде вирус күшейді. Ресми мәлімет бойынша, маусым айымен салыстырғанда шілденің соңғы екі аптасында коронавирус жұқтырғандар 4,8 есе өскен. Билік вирустың күшеюін коронавирустың дельта вариантымен байланыстырады. Ол вирустың кәдімгі түріне қарағанда жылдам тарайды, аурудың асқынуы да тез.