Халық “ч” мобильді қосымшасы арқылы оқиға орнынан қысқа хабарлама, фото, видео жібере алады. Тіпті, бейнеқоңырау жасауға мүмкіндік бар. Бұл ретте қоңырау шалушының орналасқан жері анықталады. Бүгін елде осындай мобильді қосымша іске қосылды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жаңа сервистің мүмкіндіктері туралы айтты. “Бұл халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру аясында қолға алынды. Тәулік бойы полицияның жедел басқару орталықтарының операторлары 102 арнасына келіп түскен 10 мыңға жуық хабарламаға жауап береді”, – деп жазды министр Facebook парақшасында.