Елорда бойынша вакциналауға 3 млрд теңге жұмсалады

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді. Оның айтуынша, бас қалада екпені 736 мың тұрғын алады. Бұл тізімге балалар мен 65 жастан асқан азаматтар енбеген. Апта соңына дейін медицина саласының 2 мың қызметкері вакциналанады. Наурызға қарай көрсеткіш 6 мың 300-ге жетеді. Дәрігерлердің айтуынша, тізім қалалық емханаларға жіберілді. Ондағылар ақ халаттыларды кезек бойынша шақырып, екпе салады. Медицина қызметкерлері препараттан бас тартуға да құқылы.