Мәскеу орталығында түнде Навальный үкіміне қарсылық білдірген манифестанттар мен полиция арасында қақтығыс болды, мыңға жуық адам ұсталды деп хабарлады Азаттықтың Орыс қызметі. Дәл осының алдында Мәскеудің Симоновский соты оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды түрмеге қамау туралы үкім шығарған. Оған 2014 жылы берілген шартты жаза 3,5 жыл түрме жазасымен алмастырылды. ОВД-Инфо мәліметі бойынша, Мәскеу уақытымен түнгі сағат 2 шамасында Ресейде ұсталғандар саны 1200-ден асқан.