Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті мен сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып, Сириядан бір топ Қазақстан азаматын елге қайтару операциясын өткізді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Арнайы операцияға АҚШ және өзге де халықаралық серіктестер қолдау көрсетті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Топ құрамында 4 ер адам, 1 әйел және 2 жетім баланы қосқанда 7 адам болды. Әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі.