Ербол Дербісов Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі болып тағайындалды. Оның кандидатурасын Президент Әкімшілігі келісіп, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай тиісті өкімге қол қойған. Дербісов 2025 жылдың желтоқсанынан бері Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
1986 жылы туған Ербол Дербісовтің заң саласында жоғары білімі бар. Ол әр жылдары «Каспий-Ак» компаниясында, Маңғыстау облысы әкімінің аппаратында және құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында қызмет атқарған. Түпқараған ауданының бұрынғы әкімі Ержан Күмісқалиев өз еркімен қызметінен босатылды.
