Белгілі болғандай, осы жылдың қаңтарында көрші мемлекетке ешқандай рұқсат қағаздарынсыз пайдалы қазбалар жөнелтілген. Агенттік нақты қай компания екенін атаған жоқ, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі. Қаржы мониторингі агенттігі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттерін бастады. Бұл заңға қайшы әрекет Қазақстан Қылмыстық кодексінің 214-бабының 2-бөлімі (Бір топ адам бірнеше рет аса ірі көлемде жасаған заңсыз кәсіпкерлік) бойынша қаралуда. Егер тағылған айып дәлелденсе, күдіктілер бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.