13 ақпаннан бастап көлік жүргізушілері құжат алып жүруден босатылады

13 ақпаннан бастап көлік жүргізушілері құжат алып жүруден босатылады. Енді жүргізуші куәлігін, техникалық төлқұжатты, сақтандыру полисін, техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты өзімен бірге алып жүрмегені үшін айыппұл салынбайды. Бұл құжаттың барлығын полицей планшет арқылы тексереді. Ең бастысы, қолыңызда жеке куәлік болса жеткілікті. Ал интернет болмай қалған жерде тәртіп сақшылары құжаттарды радиобайланыс арқылы тексеретін болады. Жаңа нормалар жүргізуші куәлігі жоқ шетелдіктерге және елімізде тіркелмеген көлік жүргізушілеріне қатысы жоқ.