Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі өзгереді

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова мәлімдеді. Оның айтуынша, былтыр мемлекеттік қызметке кірудің жаңа тәсілдері таныстырылды. Президент бастаманы қолдады. “Аталған тәсілдерді еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгенге дейін пилот режимде апробациялау жоспарланды. Іріктеу құралдары қайта қаралды. Процестің үш сатылығы сақталды: тестілеу, білігін бағалау, әңгімелесу. Өзгерістер мемлекеттік қызметшілердің сапалы құрамын күшейтуге ықпал етеді”, – деді Анар Жайылғанова агенттіктің алқа отырысында.