Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті бас лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Тексеріс нәтижесінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенованың айтуынша, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті әкімшілік жауапқа тартылды. Бұдан бөлек, ЖОО-ға айыппұл салынып, бас лицензиядан айыру туралы шешім шығарылған. Көбенова оқу орнында оқыған студенттердің гранты сақталатынын және олар басқа жоғары оқу орындарына ауыстырылатынын атап өтті. Оқу құны өзгермейді. Сондай-ақ, оқытушыларды жұмысқа орналастыру мәселесі де шешіліп жатыр.