Солтүстік Қазақстан облысында бүтіндей бір ауыл карантинге жабылып, шектеу шаралары күшейтілді деп хабарлайды 31 арна. Телеарна мәліметінше, үш мыңға жуық тұрғыны бар Соколовка ауылының жетпіске жуық тұрғынынан коронавирус инфекциясы анықталған. Ал тұрғындар екі бірдей мектеп карантинге жабылған ауылда шын мәнінде, науқастар саны одан да көп деп отыр. Соколовка елді мекенінде өткен аптада 16 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Ал бір жарым айда жалпы 66 адам коронавирус жұқтырған. Мамандар 14 күн бойы жағдайдың жақсаруын күтпек. Екі аптадан кейін ахуал жақсармаса, блок-бекеттер қойылып, елді мекенге кіріп-шығуға тыйым салынуы мүмкін.