Осы жылы 786 ауыл әкімінің өкілеттігі аяқталады. Яғни, 800 жуық елді-мекенді қамтитын жергілікті сайлау науқаны өтеді. Бұл Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға болмақ деді. Сондай ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев кейін аудан әкімдерін де бұқара сайлайды деді. Ол науқан 2024 жылға жоспарланып отырдеп хабарлайды «Хабар 24». Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде аудан әкімдерін тікелей сайлау 2024 жылы өткізу керек деп санайтынын президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Осы бастама Елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін. Түптеп келгенде, аудандарда сайлау өткізу халық билігін орнатудың айқын көрінісі болмақ, деді мемлекет басшысы.