Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сот процесінде прокурорлар мен адвокаттардеңестіру туралы айтты

Ол адвокаттардың проблемасын құқық қорғаушы Айман Омарова бірнеше рет көтергенін еске алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.”Кейбір заңнамалық актілерге адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасында көрініс тапты. Мысалы, кәсіби этиканы, заң жөнінде көмек көрсету қағидаттарын сақтамауға байланысты адвокаттарды өмір бойына лицензиядан айыру туралы норманы алып тастау жөніндегі ұсынысты атап өтуге болады. Сот процесінде прокурор мен адвокатты теңестіру жөніндегі новеллалар ерекше назарға лайық. Парламент мүшелеріне заң жобасын қарау кезінде осы ұсыныстарды назарға алуды сұраймын”, – деді Тоқаев.