Арыстағы мәдениет үйінің директорына айыппұл салынды

Оған айыппұл карантин режимін бұзғаны үшін тағайындалған. Оқушылар арасындағы жаппай төбелес қаладағы мәдениет үйінде болған еді. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді. Айта кетейік, №4 мектеп “Жас сарбаз-2021” әскери дайындық бойынша мектепаралық конкурс өткізген болатын. Комитет өкілдерінің айтуынша, байқауды ұйымдастырушылар басқармаға іс-шара өтетіні туралы хабарламаған. Бұған дейін әлеуметтік желілерде жергілікті мәдениет үйінде оқушылар арасындағы төбелес түсірілген видео тараған болатын. Қазылар алқасы шешіміне наразы жасөспірімдер сахнада төбелес шығарған.