Солтүстік Қазақстан облысында карантин жеңілдетілді

Облыстың бас мемлекеттік санитария дәрігері Әсет Жұматаевтың жаңа қаулысына сәйкес, енді мешіттерде бес мезгіл намаз оқуға рұқсат етілді. Ал жұма намазын тек ауылдық жерлерде ғана оқуға болады. Мәдени нысандар жұмыс істейді. Бірақ топтағы адам саны 50-ден аспауы қажет. Кітапхана, музейлер ашылады. Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Түрлі базарлар жексенбіден басқа күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін ашылады. Айта кетейік, ұжымдық, көңіл көтеру іс-шараларын өткізуге әлі де тыйым бар.