Петропавлда анасы ұрып-соққан үш жасар қыз көз жұмды. Соған байланысты әйелге қатысты қылмыстық істі басқа бапқа ауыстырды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті. 27 ақпанда бұған дейін облыстық балалар ауруханасына дене жарақатымен түскен қыз қайтыс болды. Дәрігерлер 17 ақпаннан бастап оны аман алып қалуға тырысты. “Бұл бап бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған”, – деп түсіндірді полиция. Осы қылмысты жасағаны үшін 1998 жылы туған баланың анасы ұсталды, оған қатысты бұлтартпау шарасы – күзетпен ұстау таңдалды. Күдікті қазір тергеу изоляторында.