Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деп мәлімдеді. Мәжіліс мақұлдаған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасын Сенат депутаттары қарап жатыр деп хабарлайды 24.kz.
Вакцина «жоспарлы» және «эпидемиологиялық көрсетілім бойынша» деп екіге бөлінеді. Аса қауіпті инфекцияларға қарсы екпе жоспарлы болса, екінші жағдайда әр адамның таңдау құқығы бар. Денсаулық сақтау министрі әрбір ата-ана бала денсаулығына жауапты екенін ұмытпаса екен дейді.
Мысалы, қызылша инфекциясынан 19 бала көз жұмса, оның 83 проценті екпе алмаған. Егілмеген баланы білім беру мекемесіне «ұжымдық имунитет» деңгейіне қарай қабылдайды. Мекемедегі эпидемиологиялық жағдай қолайлы болуы тиіс.
Одан бөлек, Кодекске трансплантация мәселесіне байланысты өзгерістер енгізілген. Адам ағзасын шетелге шығаруға тыйым салынады. Салаға өзге де жаңашылдықтар енгізу қарастырылып жатыр.