Лукашенко барлық мемлекеттерді коронавирусқа қарсы күресте Беларусь жолымен жүруге шақырды

Беларусь президенті Александр Лукашенко барлық елдерді коронавирус пандемиясына қарсы күресте Беларусь таңдаған жолмен жүруге шақырды деп хабарлайды БЕЛТА.

Лукашенко денсаулық сақтау министрі Владимир Караникпен кездесуде, қазіргі уақытта әлемде пандемияның екінші толқыны басталуы мүмкін екендігі туралы жиі айтылып жатқанын атап өтті.

“Егер екінші толқын басталар болса, онда біздің жол – барлық мемлекеттер жүруі тиіс болған жол”, – дейді Лукашенко.

Айта кетейік, Беларусьте 51 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Елде қатаң карантиндік шектеулер қойылмаған.