Қазақстанда бір күнде 944 адамнан коронавирус табылды

Өткен тәулікте Қазақстанда 944 адамнан коронавирус табылған. Олардың 314-і – “симтомы бар” науқас, 630-ы – симптомы жоқ “тасымалдаушы”. Эпидемия басталғалы бері бір күнде алғаш рет мыңға жуық адамнан коронавирус табылып отыр. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Елде ресми мәлімет бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 17 031 адамға жетті. 13 872 адамда COVID-19 ауру белгісі байқалған, 3159 адамда ауру белгісі байқалмаған. Бір күнде 248 адам жазылған. Барлығы 8593 адам аурудан айыққан. Эпидемия басталғалы бері барлығы 67 адам қайтыс болған.