Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы хабарлады. Тұрғындарға екпе салу енді қашан басталатыны белгісіз. Нариман Табынбаевтың айтуынша, іс-шара дәрінің келесі партиясы жеткізілгенде жүргізіледі. Еске сала кетейік, 2 сәуірде мегаполистерде азаматтарға ерікті түрде екпе салу науқаны басталды. Ол үшін емханалармен қатар Республика сарайында және сауда ойын сауық орталықтарының бірінде арнайы орындар жасақталды. Екі тәулік ішінде 17 мың алматылық екпе алып үлгерген. Ал ел бойынша коронавирусқа қарсы екпе салдырғандар саны 174 мың 269-ға жетті.