Денсаулық сақтау министрлігі “Спутник V” вакцинасының жанама әсері туралы айтты. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәлімдеуінше, Қазақстан бойынша бірінші компонентпен 170 мыңнан аса адам, екінші компонентпен 60 мыңнан аса адам егілген. “Екпеден кейін елеулі қолайсыз жағдайлар тіркелген жоқ. Болжамды әсер вакцинациядан өткендердің шамамен бір пайызында тіркелді. Жалпы саны – 1 501 адам. Бұл барлық екпе салдырғандар санының 0,9 пайызы. Оның ішінде жанама әсер – 959 адамда, қалыпты жағдай – 542 адамда тіркелген”, – деді ведомство өкілі.