Елімізде биыл 4 автожол құрылысы басталады

Оның жалпы ұзындығы 607 шақырым. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді. Қызылорда-Жезқазған автожолын қайта жаңарту (427 шақырым). Азия даму банкі және Еуропа қайта құру және даму банкінен мемлекеттік кепілдік арқылы қарыз алынады. Жыл соңына дейін банктермен несие шартына қол қойылып, жобаны іске асыратын мердігерлер анықталады”, – деді министр. Тағы бір жоба – Түркістандағы шығыс айналма жолының құрылысы (30 шақырым). Оны Дүниежүзілік банктен алынған қаржыны үнемдеу есебінен іске асыру жоспарланып отыр. Жоба II жартыжылдықта басталуы мүмкін. Атамқұловтың айтуынша, бұдан бөлек Шымкенттегі оңтүстік-батыс айналма жолының (48 шақырым) құрылыс жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы пысықталып жатыр. Биыл Азия даму банкі арқылы Сарыағаш айналма жолын (102 шақырым) салу жоспарда бар.