“Мақтаншақ екен”: Ерке Есмахан қымбат аяқ киімдерін көрсетіп мақтанды (видео)

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан өз гардеробындағы ең қымбат аяқ киімдерін көрсетті. Өнер иесі бірінен бірі өтетін туфлилары мен дизайнерлік кроссовкаларын ел назарына паш етті деп жазады KAZ.NUR.KZ

Ерке Есмахан өзінің бағалы аяқ киімдерін киіп көрсеткен видеосымен Instagram парақшасында бөліскен. Бейнежазбадан эстрада жұлдызының көбіне туфли мен кроссовкаларды таңдайтынын байқауға болады. Әншінің жариялаған видеосына қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Бірі шоу-бизнес өкілінің талғамына жоғары бағасын беріп жатса, енді бірі оны асқан мақтаншақтық танытты деп сынға алды.