Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын таныстырды. Жоба жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, Мемлекеттік қызметі туралы және Саяси партиялар туралы заңдарға түзетулер енгізуді көздейді. Барлығы 20 түзетуден тұрады, – деді ұлттық экономика министрінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров. Ауыл әкімдері мынадай жағдайларда қызметтен босатылуы мүмкін: 1. Егер әкімді партия ұсынса, партия мүшелігінен шығарылған жағдайда; 2. Мәслихат сенімсіздік білдірсе, оның ішінде жергілікті қауымдастықтың жиыны тиісті шешім шығарған жағдайда; 3. Мемлекеттік қызмет туралы заңның өзге де негіздемелері бойынша, сот шемімімен немесе өз еркімен қызметтен босатылуы, азаматтықтан айырылуы жағдайында