15 сәуірдегі жағдай бойынша ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы осыны көрсетті. Қазір «қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр. «Сары аймақта» – ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары. Ал Қостанай және Түркістан облыстары «жасыл аймақта» орналасты.