Шетелдік компаниялардың ауыл шаруашылығы жерлерін жалға алу мерзімі 2022 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде аяқталады. Қазақстанның 74,4 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін шетелдік қатысуы бар жеті кәсіпорын алып отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Атап айтқанда, Жамбыл облысында 5,9 мың гектарды 1 кәсіпорын, Павлодар облысында 32,2 мың гектарды 1 кәсіпорын, Атырау облысында 1,6 мың гектарды 1 кәсіпорын және Ақмола облысында 34,7 мың гектарды 4 кәсіпорын жалға алған. Сондай-ақ, айтуынша, екі шетелдік компания жұмыс істейді: Шығыс Қазақстан облысында 14,9 мың гектар алқапта 1 кәсіпорын және Жамбыл облысында 3,6 мың гектар алқапта 1 кәсіпорын. Омаров бұл жерлер мораторийге дейін алынғанын атап өтті.