Салтанатты шара биыл әдеттегідей өтпек. Бірақ эпидемиологиялық ахуал нашар қалаларда шеруге тыйым салынды. Ал кей аймақтарда парадқа тек антиденесі бар немесе коронавирусқа қарсы егілген және ПТР-тест тапсырған адамдарды ғана кіргізу көзделген. Қорғаныс министрлігі Мәскеудегі парадқа қатысатын 12 мың адамның барлығы вирусқа қарсы егілгенін айтады. Қызыл алаңға кіретін көрермендер үш рет ПТР-тест тапсырады. Шараға жасы 100-ден асқан 15 ардагерлерді де кіргізу жоспарланып отыр. Бірақ бұл жолы шетелден қонақтар шақырылмайды