Тоңазытқышта сәбиді қатырған дәрігерлерге қатысты апелляциялық шағымды қарау басталды

Атырауда сот жаңа туған шақалақты өлдіге санап, тоңазытқышта қатырған дәрігерлерге қатысты апелляциялық шағымды қарауды бастады. Айыпталушылардың шағымын облыстық сот қарап жатыр. Кінәлі деп танылғандардың істі «өзге өңірдің сотына берсін» деген талабы қабылданбады. Еске сала кетейік, дәрігерлер баланы өлі туды деп рәсімдеген. Алайда одан тіршілік нышаны байқалған кезде құжаттарды қайта ресімдегісі келмей, оны тоңазытқышқа салған. Қаңтар айында сот үкімі бойынша облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев 18 жылға, ал қарамағындағы акушер гинекологтар 16 және 15 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.