Аралда төтенше жағдай жарияланады

Өңірде қуаңшылық салдарынан жүздеген ірі қара мал қырылып қалған. “Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың тапсырмасына сәйкес, қазір Арал ауданында төтенше жағдай жариялауға байланысты құжаттар дайындалып жатыр. Осы режимнің енгізілуін негіздеу үшін қажет кейбір зерттеулерді аяқтау ғана қалады”, – деді Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев. “Мамандар шөптің биылғы шығымдылығына қатысты ауданды шартты түрде Ққзыл, жасыл, сары деп үш санатқа бөлді. Қызыл аймаққа 13 елді мекен енді. Өйткені, жайылымдық жерлері 90 процентке құрғап кеткен. Ал сары аймақтағы елді мекендерде шөп 30-40 процентке тең. Жасыл түспен белгіленген елді мекендерде шөптің шығымдылығы жақсы”, – деді Еркін Әбішев. Гүлшара Әбдіқалықованың тікелей нұсқауы бойынша мал азығы аудан шаруашылықтарына жеткізіліп жатыр. Облысқа басқа өңірлерден бидай мен арпа жеткізуге өтінім берілді. Қазір Арал ауданында ескі 15 су құдығы тазартылып жатыр.