Шенеуніктер бюджет қаржысына 43 миллион теңгенің пәтерін сатып алмақ болған

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев көпбалалы отбасыға арналған 160 шаршы метрлік пәтерді сатып алу бастамасын түсіндірді. “Шынымен де, 43 миллион теңгенің пәтерін сатып алғымыз келді. Бірақ осы сомаға сай өтінімдер түскен жоқ. Ол жерде сауалнама әдісімен баға 250-270 мың теңге болған. Алайда ондай бағаға да пәтер табылмады. Қоғамда үлкен резонанс болғанын білемін. Менің тапсырмам бойынша мәселе жабылды. Лотты сайттан алып тастады”, – деді Маржықпаев онлайн брифингте.