Қазақстандықтардың орташа табысы анықталды

Биыл бірінші тоқсанда халықтың ақшалай табысы орта есеппен жан басына шаққанда 196,5 мың теңге болды, – деп хабарлайды Ranking.kz. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға артық. Қазақстан өңірлерінің арасында табысы көптер мегаполистерде, Нұр-Сұлтан (275,9 мың теңге) және Алматыда (246,8 мың теңге) тіркелді. 2021 жылдың бірінші тоқсанында орта есеппен жан басына шаққанда 246 мың теңге көрсеткішімен Қарағанды облысы Алматыдан сәл артта қалды. Табысы ең төмен – Түркістан облысының тұрғындары: 121,8 мың теңге. Бұл жетекші Нұр-Сұлтанға қарағанда 2,3 есе аз және Қазақстан өңірлері арасындағы кіріс деңгейі бойынша соңғылардың қатарында тұрған Жамбыл облысынан (151,8 мың теңге) 20 пайызға аз.