«Міндетті вакцинация ешкімнің құқығын шектемейді». Әділет министрлігі осылай деп мәлімдеді. Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы екпелерді алуға міндетті. Өйткені бұл денсаулық туралы Кодексте көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың бірі. Бұл “Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды” деген конституциялық нормаға (Конституцияның 31-бабы) сәйкес келеді. Әділет министрлігі COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинациялау міндеттілігінің құқықтық негізін осылай түсіндірді. Еске салсақ, бұған дейін Қостанай тұрғындары міндетті вакцинацияға қарсы митингке шыққан болатын.