Елордада карантин төртінші рет күшейтіледі

Фото:SN.kz

Елордада карантин төртінші рет күшейтіледі. Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты болып отыр. Қаланың мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы дайындалып жатыр. Карантин шараларын сақтау жөніндегі мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады. Әсіресе Ashyq жобасына енгізілген нысандар жұмысының сапасын бақылау артады. Енді жабық және ашық жағажайлар мен аквапарктердің, серуендеуге арналған су көліктерінің, кинотеатрлардың жұмысына тыйым салынады. Түнгі клубтарға Ashyq жобасы аясында жұмыс істеуге рұқсат жоқ. Ashyq-сыз жұмыс істейтін жазғы тамақтану орындарының жұмысы демалыс күндері тоқтатылады. Жексенбі күндері қоғамдық көліктер жұмыс істемейді. Автобустарға дезинфекция жүргізіледі.