Алматыда туркомпания вакцинация паспортын қолдан жасаған. Туристік компания 143 жалған паспортты қажыларға Сауд Арабиясы Корольдігіне кету үшін рәсімдеген. «Соталды тергеу жүріп жатыр. тінту іс-шаралары барысында ұйымдастыру техникасы, мөрлер, бланк өнімдері алынды. Сот сараптамалары тағайындалды”, – делінген полиция хабарламасында. Еске салайық, жалған құжат дайындағандарды 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғандар 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапқа тартылады.