Құрбан айттың бірінші күні биыл 20 шілдеге түсіп тұр. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 18 және 20 шілдеде демалады (17 және 19 шілде – жұмыс күні). Ал аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 17, 18 және 20 шілдеде демалады. Биыл мейрам онлайн форматта өтеді. Алайда белгілі бір аймақ тұрғындары мейрамды дәстүрлі форматта атап өте алады. Биыл барлық өңірдің тұрғындары www.qurban2021.kz сайты арқылы онлайн-режимде құрбандық шала алады. Qurban2021.kz сайты 15 шілдеде іске қосылды. Сайт 22 шілдеге дейін жұмыс істейді. Құрбан шалуға ниет еткен азаматтар осы аралықта тапсырыс бере алады. Ауылдық жерде жеке тұрғын үйде тұратын адамдарға құрбан шалуға қатысты ҚМДБ тарапынан ешқандай шектеу қойылмаған.