Демалыс күндері Нұр-Сұлтан мен Алматыда қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Фото:Астана Ақшамы

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, демалыс күндері елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. City Transportation Systems-тің хабарлауынша, 17-18 шілдеде қалалық және қала маңындағы маршруттар жүрмейді. Автобустарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Ал Алматы қаласында қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. “Құрметті алматылықтар! Көптеген сұраныстың түсуіне байланысты демалыс күндері қалада қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлаймыз”, – делінген Алматы қаласы мобилділік басқармасы таратқан ақпаратта.