Коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия төрағасы Ералы Тоғжанов вакциналау мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 10 тамызға дейін қызмет көрсету саласының барлық қызметкерлері COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алуы тиіс”, – делінген ведомствоаралық комиссияның ресми хабарламасында. Комиссия мүшелері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау мен Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейтуге шешім қабылдады. Оған сәйкес, 2 тамыздан бастап бірқатар шектеу шарасын енгізу жоспарланған.