Әлеуметтік желілерде қазақстандық оқушылар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады деген ақпарат тарады. Алайда Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомстоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. БҒМ ақпаратынша, оқыту форматы туралы шешімді коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды.