Шығыс Қазақстан облысында жалған вакциналау паспортын жасау қылмысы ашылды.

Екі медицина қызметкері 30-дан астам адамға вакцинаны тек құжат жүзінде салып берген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  “Семейде екі медицина қызметкері вакциналау паспортын сатып, ақша тапқысы келген. Ол үшін біреуі әлеуметтік-медициналық мекемеде істеп жүріп, адамдардан ақша алған. Әрбіреуі оның банк картасына 15 мың теңгеден жіберіп отырды. Ол осы ақшадан 10 мың теңгені тиісті құжаттарымен бірге жедел медициналық жәрдемде істейтін танысына ұсынған. Осылайша, екіншісі жалған вакциналау мәліметтерін деректер базасына енгізді”, – деді ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыл Тұрлыбек бүгінгі онлайн брифингте. Оның айтуынша, қазіргі кезде жалған вакциналау паспортын жасатқан адамдардан жауап алынып жатыр.