Бұл туралы Ресей төтенше жағдай министрлігі хабарлады. Министрлік Анкара өтінішінің орындалатынын мәлімдеді. Өрт күшейіп тұрған аймақтағы туристік орталықтарда Ресей азаматтарының көп екені айтылады. Ресей Түркияға қорғаныс министрлігінің 11 әуе техникасын жіберетін болды. Түркияның оңтүстігіндегі орман өрті екі аптаға ұласты. Өрттің қолдан жасалғаны айтылады. 31 шілде күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Мугла провинциясындағы орман өртін тұтатқан болуы мүмкін күдікті ұсталды деді. Осы арада Ресейдің өзінде, Якутияда орманның өртеніп жатқанына бір айдан асты. Өрт орманның 1,5 миллион гектарын жойып үлгерді. Ресей төтенше жағдайлар министрлігі әскери авиацияның өрт аймағына бір күнде 60 тонна су төккенін хабарлады.